«КЕМЕЛ» қоғамдық бірлестігінің 2016 жылдың шілде -қараша айлары арасында атқарған жұмысы туралы мәлімет

«КЕМЕЛ» қоғамдық бірлестігі Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы мемлекеттік мекемесімен 2016 жылдың 13 шілдесіндегі №83 келісім-шартына сәйкес «Мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеру, мемелекеттік қызмет туралы оң пікір қалыптастыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» жобасын жүзеге асыруда жөнінде төмендегідей жұмыстар атқарды.

Мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеру мақсатында 92 беттік түрлі-түсті «Отанға қызмет – абыройлы міндет» тақрыбымен әдістемелік-ақпараттык 500 дана құрал шығарылды. Әдістемелік құралда мемлекеттік қызметтің позициялық моделінің қалыптасуы, кәсіби мемлекеттік аппарат құру бағыты және соған сәйкес қабылданған мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп кодексі баяндалған. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу мен әлеуметтік қорғау шаралары, меритократия қағидаттары берілген. Облыс бойынша мемлекеттік қызмет туралы 2016 жылдың жарты жылдығының көрсеткіштері берілген.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет туралы халық арасында оң пікір қалыптастыру мақсатында 2 бильбордтың (6х3) эскизі тапсырыс берушімен келісілгеннен соң шығарылып, Шымкент қаласының Түркістан көшесінің бойына (А.Байтурсынов көшесінің қиылысы) және Жібек жолы көшесі, «Айна» базар аумағына ағымдағы жылдың 20 қыркүйегі күні ілінді. Тақырыптары: «Мемлекеттік қызмет ету біздің қоғамыздың бірлігін нығайту үшін негіз болуы тиіс» және «Біздің мақсатымыз – мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру. Ол қоғамға қызмет ету мен мемлекеттілікті нығайтуға жаңа міндеттеріне сай болу тиіс». «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасындағы Елбасының баяндамасынан алынған сөздер. 2016 жылдың 17 тамызында «Қазақстан-Шымкент» телеарнасында «Заң айна» хабарында мемлекеттік қызметшілердің имиджін қалыптастыру туралы 40 минуттық 1 көрсетілім берілді. Көрсетілімде Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департамент басшысының орынбасары А.Шілманов, еңбек ардагері Б.Ахметов, «КЕМЕЛ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы С.Акишева және Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің жас маманы қатысып өз пікірлерін ортаға салды.

Телеарна арқылы берілген көрсетілім және облыс орталығының көшелеріне ілінген бильбордтар халық арасында мемлекеттік қызмет туралы оң пікір қалыптастыруға септігін тигізетіні сөзсіз.

Сонымен қатар, 2-і бейнероликтің сценарилері мен түсірілуі ұйымдастырылып, жобасы тапсырыс берушімен келісілді. Екі бейнеролик әрқайсысы 45 секундтан Қазақстан-Шымкент телеарнасында 2 айға, әр айына 20 реттен көрсетілуде. Эфирге 10 қыркүйек – 29 қыркүйек және 5 қазаннан – 24 қазан аралығында берілді.

Облыстың қала, аудандарында «Отанды сую – имандылықтан басталады» тақырыбында құқықтық семинар-тренингтің өткізу кестесі тапсырыс берушімен келісілді. Семинар-тренингтер 8-24 тамыз аралығында өткізілді. Семинар-тренингке арнайы 180-80 баннер дайындалып, барған елді мекендерде ілінді. Семинар-тренингте «КЕМЕЛ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы С.Акишева «Отанды сую – имандылықтан басталады» тақырыбында баяндама оқыса, тренер-психолог Г Малгайдарова « Біз халықтың қызметщісі екенімізді ұмытпайық» тақырыбында психологиялық- тренинг өтті. Семинар-тренингтерге 860 қатысты, қатысушыларға «Отанға қызмет – абыройлы міндет» әдістемелік- құралдар тарқатылды.

Семинар-тренингтердің өтіуі жергілікті телеарналар мен бұқаралық ақпараттық құралдарға жарияланды. Семинар-тренингтер жөнінде түрлі-түсті фотоальбом дайындалып, тапсырыс берушіге тапсырылды.

Ағымдағы жылдың 16 қарашасы күні Шымкент қаласы, оқушылар сарайында жас мемлекеттік қызметшілер мен жастардың арасында «Отанға қызмет ету –парыз » тақырыбымен Форум өтті. Форумды ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ә.Көмекбаев ашып , жүргізіп отырды. Алғы сөзді ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми зерттеу институтының ОҚО филиалының директоры , ардагер мемлекеттік қызметші А.Ахметов айтса, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы М.Сейджабпаров «Мемлекеттің болашағы - жастардың қолында», ал «Бізбен бірге» еріктілер мектебінің жетекшісі Б.Ізтілеу «Еріктілер қызметінің жастар тәрбиесіндегі орны» тақырыбымен баяндамалар жасады Баяндамашылардан кеиін модератор Ә.Көмекбаев форум қатысушыларымен «Жастар кеше, бүгін, ертең ..» тақырыбымен ашық диалог өткізді. Форум барысында жастар өздерін толғандырып жүрген ойларын ортаға салып, қойган сұрақтарына тұшымды жауаптар алды. Форумға 200 жастар қатысты.

2016 жылдың 29 қарашасы күні Шымкент қаласы, «Өрлеу» облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру орталығында «Отанға қызмет ету- абырой» тақырыбымен мемлекеттік қызметшілер мен оқу орындары өкілдерінің қатысуымен облыстық ғылыми – тәжірибелік конференция өтті. Конференцияны ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ә.Көмекбаев ашып, жүргізіп отырды. Конференцияда Шымкент қаласының білім бөлімінің басшысы Ж.Тәжиева «Білім бөлімдерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары», ОҚО әкімі аппараты Мемлекеттік қызметшілерді даярлау орталығы директорының орынбасары Б.Ешмұратова «Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби даярлаудағы аймақтық оқу орталығының қызметі», «Өрлеу» БАҰО АҚФ ОҚО ПҚБАЙ директорының орынбасары Ш.Ергешбаева «Біліктілігін арттыру жүйесінде табысты білім беру қызметінің аспектілерінің бірі ретінде мұғалімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру» тақырыбында баяндамалар жасады. Баяндамалардан кейн модератор Ә.Көмекбаев конференция қатысушыларымен тақырып бойынша пікір алмасып, ашық диалог өткізді. Конференцияға 150 адам қатысты. Іс-шаралар қатысушыларына әдістемелік құрал- брошюра тарқатылды.

«КЕМЕЛ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы С.Акишева.