Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасы жариялаған «Мемлекеттік қызметшілердің имиджін көтеру, мемлекеттік қызмет туралы оң пікір қалыптастыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» жобасын іске асыру барысындағы «КЕМЕЛ» қоғамдық бірлестігінің маусым-қыркүйек айлары аралығында атқарған жұмыстары туралы есебі

Жобаны іске асыру мақсатында «КЕМЕЛ» қоғамдық бірлестігі 2015 жылғы маусым-қыркүйек айларында төмендегі жұмыстарды атқарды.

Аталған жобаны жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі-Департамент) бірлескен іс-шаралар жүргізу меморандумы түзілді. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысының көлік және коммуникация колледжімен іс-шаралар өткізу жөнінде меморандумға қол қойылды.

2015 жылдың 19 маусымында Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар достығы университетінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет күніне арналған «Отанға қызмет ету – абырой» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияға аудан, қала әкімі орынбасарлары, аппарат басшылары , персоналды басқару қызметінің басшылары, аудандық, қалалық мәслихат аппаратынан, облыстық аумақтық және жергілікті атқарушы органдардың 125 мемлекеттік қызметшілері қатысты. Конференцияның пленарлық бөлігінде Департамент басшысының орынбасары, тәртіптік-кеңес төрағасы Б.Бекжанов , Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар достығы университетінің ректоры, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Р.Қуатбекова баяндама жасады. Конференцияда «Мемлекеттік қызметтегі этикалық және тәртіптік бақылаудың қазіргі трендтері», «Кәсіби мемлекеттік аппарат құрудың негізгі алғы шарттары», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы біртектілік пен бірлік» тақырыыбында 3 панелдік сессия жұмыс жасады.

2015 жылдың 28 тамызында Қазақстан Республикасының Конституциясының және Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына орай «Отанға қызмет ету-парыз» облыстық мемлекеттік қызметшілер форумы Оңтүстік Қазақстан облысының көлік және коммуникация колледжінде өткізілді. Форумға аппарат басшылары, персоналды басқару қызметінің өкілдері, ауылдық әкімі аппараттарының қызметкерлері, аудандық, қалалық мәслихат аппаратынан, облыстық аумақтық және жергілікті атқарушы органдардың 200 мемлекеттік қызметшілері қатысты. Форумның пленарлық бөлігінде Департамент басшысының орынбасары, тәртіптік-кеңес төрағасы Б.Бекжанов, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік униферситетінің саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты С.Мажинбеков, осы университеттің конституциялық кеден және халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент А.Есеналиев, Оңтүстік Қазақстан облысы әділет департаменті басшысының орынбасары М.Исабеков, Департаменттің баспасөз хатшысы Е.Ермаханбетов баяндама жасады.

Форумда мемлекеттік қызметке алғаш кірген Департаменттің бас маманы Ғ.Жүндібаев, ОҚО білім саласындағы бақылау департаментінің бөлім басшысы Н.Үркімбай және бас маман Г.Медеубек, ОҚО әділет департаментінің бас маманы Н.Амангелдиева және Сайрам ауданы әділет басқармасының бас маманы Г.Дүйсенбекова мемлекеттік әкімшілік қызметшінің антын қабылдады.

2015 жылдың тамыз айында Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік қызметшілердің қызметі мен олардың кәсіби біліктілігі туралы 2000 жуық тұрғындардың ой-пікірін зерделеуге арналған сауалнама жүргізілді.

2015 жылдың 14-22 қыркүйегі аралығында облыстың 15 аудан, қалаларында «Отанды сүю имандылықтан басталады» тақырыбында психологиялық- құқықтық семинар-тренингтер өткізілді. Семинар тренингке 1100 мемлекеттік қызметшілер, қоғамдық ұйымдар өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, ұстаздар, дәрігерлер, жастар қатысты.

Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» атты Ұлт Жоспарының аясында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін жоғарлату, мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін көтеру, мемлекеттік қызмет сапасын жақсартып, мемлекеттік қызмет туралы оң пікір мен мемлекеттік қызметшілерге этикалық және тәртіптік мінез-құлық қалыптастыру.

Бағдарлама бойынша семинар – тренингтің пленарлық бөлімін аудан, қала әкімдігінің өкілі ашып, әрі қарай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті өкіліне «Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру» және «КЕМЕЛ» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасына «Мемлекеттік қызмет – ел сенімін ақтау» тақырыптарында баяндамалар жасалды.

Баяндамалар бойынша пікір – таластан кейін іс – шараның практикалық бөлімінде тәжірибелік психология және психотерапия Евразиялық институтының тренер – психологы Ж.Атаева «Біз халықтың қызметшісі екендігімізді ұмытпайық» тақырыбында психологиялық – тренинг өткізді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру мақсатында арнайы тапсырыспен түсірілген бейнефильм және бейнероликтер көпшілік қауымға ұсынылды.

«Отанды сүю имандылықтан басталады» тақырыбындағы семинар – тренинг өз дәрежесінде кең көлемде өткізіліп, талқылаулар мен түрлі ұсыныстар негізінде пікірлер айтылып, іс-шара толықтай қорытындыланды.

Сонымен қатар, мемлекеттік тапсырысына сәйкес 2 фильм және 2 бейне ролик түсіріліп, «Қазақстан-Шымкент» телеарнасы арқылы көрсетілді.

Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру мақсатында «Мемлекеттік қызмет-халыққа қызмет» атты кітапшаның 1000 таратылды.

Жоғарыда баяндалған іс-шаралар жөнінде республикалық, облыстық, аудандық, қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, атқарылған жұмыстар жөнінде ақпараттар берілді.

«Кемел» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Акишева